Қаралған істердің талдауы

Алматы облысының 2016 жылдың 11 айлық жұмысының қорытындысы

Алматы облысының 2016 жылдың 11 айлық жұмысының қорытындысы

            2016 жылдың 11 ай аралығында азаматтық істер бойынша барлығы 35 866 іс оның ішінде 19 707 іс шешім шығарумен аяқталған (2015 жылмен салыстарғанда 28 125 істің ішінде 15 635 шешім шығарумен аяқталған).       

2016 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша мәлімет

Алматы облысының 2016 жылдың 10 айлық жұмысының қорытындысы

            2016 жылдың 10 ай аралығында азаматтық істер бойынша барлығы 31 857 іс оның ішінде 17 377 іс шешім шығарумен аяқталған (2015 жылмен салыстарғанда 28 125 істің ішінде 15 635 шешім шығарумен аяқталған).       

Істерді сырттай тәртіппен қарау туралы мәлімет

Алматы облысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттармен 2016 жылдың 8 айында сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралған істер бойынша мәлімет

          Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттарымен 2016 жылдың 8 ай аралығында 13531 азаматтық іс шешім шығарумен қаралған, оның ішінде 57 іс бойынша сырттай шешім шығарылған немесе 0,42%  және   жауапкердің арызы негізінде 3 сырттай шешім бұзылған немесе 5,26% (Мамандырылған ауданаралық экономикалық соты-1, Қарасай аудандық соты-2).

Медиация бойынша талдау

2016 жылдың 8 айында медиацияны қолдану бойынша жүргізілген іс-шаралар талдауы

           Елбасы қабылдаған, 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдаманың негізінде, 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» заңды, соған сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістерді енгізу» елімізде соттағы даулы мәселелерді медиаторлардың қатысуымен шешу қолданысқа енгізілді.