Тарихтан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1932 жылы Алма-Аты облысының құрылуына байланысты, Сол жылдың наурыз айында Алма-Аты облыстық соты құрылған. Ол барлық облыстардағы аса маңызды қылмыстықжәне азаматтық істер бойынша бірінші сатыдағы және облыстың аудандарында қаралатын істер бойынша касациялық сатыдағы сот болып табылатын.

1932 жылдан 1939 жылға дейін сондай-ақ, Алма-Аты облысы аудандарының сот учаскелерін ұйымдастыру басшылығын жүзеге асыратын.

1939 жылы Алма-Аты облыстық атқару комитетіне қарасты Қаз ССР әділетінің Халық комитеті Басқармасы құрылуына байланысты, ұйымдастыру басшылығы және халық судьялары мен халық алқабилерін сайлауды ұйымдастыру бойынша, облыстың халық соттарын бақылау жөніндегі қызметтер жаңа құрылған басқармаға берілді.

1939 жылы Алма-Аты қалалық соты қысқартылуына байланысты, Алма-Аты облыстық соты, өз құзіреті шегінде, Алма-Аты қаласы бойынша қылмыстық және азаматтық істерді қарады.

1956 жылғы 04 тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен, Алма-Аты облыстық атқару комитетіне қарасты Қаз ССР әділетінің Халық комитеті Басқармасы қысқартылып, облыс соттарын ұйымдастыру басшылығы жөніндегі қызметтер, Алма-Аты облыстық сотына берілді.

1956 жылы Алма-Аты қалалық сотының құрылуына байланысты, Алма-Аты қаласы бойынша істерді қарау, Алма-Аты облыстық сотынан, оның өз құзырына көшті.

1960 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында сот реформасы жүргізіліп, Қазақстанда сот өндірісі Қаз ССР қылмыстық және азаматтық кодекстері бойынша жүзеге асырыла бастады.

Сол уақытқа дейін РСФСР қылмыстық және азаматтық кодекстеріне сәйкес жүзеге асырылып келген. 1960 жылы сондай-ақ, сот учаскелері қысқартылып, аудандардың Халық соттары құрылды. Алма-Аты облысында 20 аудандааудандық соттар құрылды.

1970 жылғы 25 қыркүйектегі Казақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен, Алма-Аты облыстық атқару комитеті әділетінің бөлімі құрылып, оған, облыстың аудандық соттарының ұйымдастыру басшылығы жөніндегі қызметтер берілді.

1970 жылдан 1985 жылға дейін, облыстық соттың қызметі мен құрылымдары қалыпты күйде қалды.

Облыстық соттың құрылымы төмендегідей болды.

  • Облыстық соттың Президиумы;
  • Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
  • Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
  • Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқасы;
  • Азаматтық істер жөніндегі касациялық алқасы;
  • Қылмыстық істер жөніндегі кеңсе;
  • Азаматтық істер жөніндегі кеңсе;
  • Мұрағат;

1997 жылғы 04 мамырдағы Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Алматы облысының шекарасы өзгеруіне байланысты, қысқартылған Талдықорған облысының аудандық және қалалық соттары Алматы облысына жатқызылды.

2001 жылғы 14 сәуірдегі Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына ауыстырылды.

Алматы облыстық сотының орналасқан мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 үй.

2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің №887 Жарлығымен, Алматы  облысының  әкімшілік  орталығы Талдықорған  қаласынан Қонаев қаласына  ауыстырылды.

Алматы  облыстық сотының  мекен-жайы;  Қонаев  қаласы, Қонаев  көшесі №5.