Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

БЕКІТІЛДІ

2019 жылғы «18» сәуірдегі

№ 6 Алматы облыстық сотының

жалпы отырысының

қаулысымен

 

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ

РЕГЛАМЕНТІ

 

1-тарау.

Жалпы мәселелер

 

       1-тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңына (ары қарай Конституциялық заң)  сәйкес жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс Алматы облыстық сотының органы болып табылады.

       Облыстық соттың жалпы отырысы  облыстық сот  төрағасының, сот алқалары  төрағаларының,  облыстық сот судьяларының құрамында қызмет атқарады  және  облыстық сот судьяларының  жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

       Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы  облыстық сот  төрағасының, сот алқалары  төрағаларының,  облыстық сот судьяларының, сонымен қатар, Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының құрамында (ары қарай-аудандық соттар) қызмет атқарады  және  судьялардың жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

 

       2-тармақ. Алматы облыстық сотының жалпы отырысы мен  кеңейтілген жалпы отырысына  төраға, сонымен қатар Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері (ары қарай-Жоғарғы  Сот кеңесі) және Жоғарғы Соттың басқа да ұйымдық және материалдык-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі органның уәкілдері, Алматы облысы бойынша құрылымдылық бөлімдерінің басшылары дауыс беру құқығынсыз қатыса алады. Алматы облысы бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің өкілдері облыстық соттың жалпы отырысында кандидаттарды  судья лауазымына талқылаған кезде қатысады.

 

       3-тармақ.Алматы облыстық сотының жалпы отырысы:

  1. тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
  2. облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
  3. сот тәжірибесін  талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
  4. Алматы облыстық сотының  соттар әкімшісінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;
  5. Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
  6. аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;
  7. аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;
  8. судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
  9. тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
  10. жаңадан тағайындалған төраға, алқа төрағалары мен  облыстық соттың судьялары судьялары,  аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен төрағаларының ант қабылдауын бекітеді;
  11. облыстық соттың жалпы отырысы және кеңейтілген жалпы отырысы регламентін бекітеді;
  12. заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

4-тармақ. Алматы облыстық сотының кеңейтілген жалпы отырысы:

  1. жергілікті соттың екі судьясын  Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;

       2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады.

       Жоғарғы  Соттың  кеңейтілген  жалпы отырысының  мүшесіне  жіберілген судьялар сот алқасының төрағалары немесе аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары болмауы тиіс.

 

       5-тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс  облыстық сот төрағасының  бастамасы бойынша шақырылады.

       Облыстық соттың жалпы отырысы  қажет болған жағдайда шақырылады, бірақ  жылына  кемінде екі рет шақырылады. Кеңейтілген жалпы отырыс  қажет болған жағдайда шақырылады.

 

       6-тармақ. Алматы облыстық сотының жалпы отырысы және кеңейтілген жалпы отырысы судьялардың  кемінде үштен екісі болған кезде өкілетті болады.

Алматы  облыстық сотының судьяларының жалпы саны деп жалпы отырыс өткізілетін  күніне  сәйкес келетін Алматы облыстық соты судьяларының тізімдік құрамы түсіндіріледі.

Алматы облысының судьяларының жалпы саны деп кеңейтілген жалпы отырыс өткізілетін күніне сәйкес келетін Алматы облысының судьяларының тізімдік құрамы түсіндіріледі.

 

       7-тармақ. Жалпы отырыс  облыстық сот  төрағасының төрағалық етуімен күн тәртібіне сәйкес және жұмыс регламентімен жүргізіледі.

       Кеңейтілген жалпы отырыс бейнеконференц-байланыс арқылы өткізілуі мүмкін.

       Жалпы отырыс хатшысы облыстық сот төрағасының келісімімен жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыстың күн тәртібін жасайды. Күн тәртібінде  қаралуға жататын мәселелер, күні және  өтетін орны көрсетіледі, облыстық сот төрағасы мен жалпы отырыс хатшысы қол қояды.

 

       8-тармақ. Жалпы отырыс және кеңейтілген жалпы отырыс барысында облыстық соттың төрағасы:

жалпы  отырысты  басқарады, күн тәртібі мен регламентке сәйкес, сөйлеу үшін сөз береді;

қаралған мәселелерді  дауыс беруге  салады  және дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

регламенттің нормаларының  сақталуын қамтамасыз етеді, егер ережелері бұзылған жағдайда  қатысушыларға ескерту жасауға құқылы, ал қайта бұзу кезінде қатысушыны  сөз сөйлеуден айыра алады, сонымен отырыстың жұмысына кедергі келтіретін шақырылған адамдарды, оларға ескерткеннен кейін отырыс залынан шығаруға құқылы.

 

       9-тармақ. Жалпы отырыс хатшысы облыстық сот судьясының уәкілеттілігімен қоса жалпы және кеңейтілген жалпы отырысқа басшылықты жүргізеді, сонымен қатар, аталған Регламенттегі басқа да  функцияларды орындайды.

       Жалпы отырыс хатшысы уақытша болмаған жағдайда міндеттері облыстық сот төрағасымен облыстық соттың судьясының біріне жүктеледі.

 

       10-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыста ашық электрондық тіркеу жүйесі немесе қол көтеріп дауыс санау және бюллетень қолданумен жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

       Жалпы отырысқа қатысушылар бірдей негізде дауыс береді. Дауыс беруден қалыс қалуға ешкімнің құқығы жоқ. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші дауыс болады.

 

       11-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыста қаралған мәселелер бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.

       Күн тәртібі жарияланған соң, дауыс беру әдісі бойынша шешім қабылданады.

       Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

       Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыста жалпы мәселелер бойынша ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданады.

 

       12-тармақ. Жалпы отырыстың қаулылары және қорытындылары қатысып отырған облыстық сот судьяларының көпшілігінің ашық дауыс беруімен бекітіледі.

       Кеңейтілген жалпы отырыстың қаулылары кеңейтілген жалпы отырысқа қатысып отырған судьяларының көпшілігінің ашық дауыс беруімен бекітіледі.

 

       13-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың қаулыларына, сонымен қатар жалпы отырыстың қорытындысына  облыстық соттың төрағасы және жалпы отырыстың хатшысы қол қояды, егер басқа мерзімдері көрсетілмесе, қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

       Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың қаулылары облыстық соттың интернет-ресурсында жарияланады.

 

       14-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыста  аудио-бейне жазба және хаттама арқылы жүргізеді.

       Уәкілетті органдағы құрылымдылық бөлімдердің ішіндегі маман жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың қызметін қамтамасыз етіп,  техникалық хатшы ретінде хаттаманы жүргізеді. Хаттама үш жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

       Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың хаттамасына облыстық соттың төрағасы және жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

 

       15-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, қажет болған жағдайда телекоммуникациялық  желілерде онлайн трансляция арқылы жүргізіледі.

       Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жалпы отырыста өздерінің кызметін «Бұқаралык ақпарат құралдары туралы» Заңға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

 

       16-тармақ.Жалпы және кеңейтілген жалпы отырысты ұйымдастыру, ақпарат-аналитикалық және басқа да қызметпен, сонымен қатар, отырыс залын техникамен қамтамасыз ету, қаулы және қорытындының жобаларын дайындау, уәкілетті органның құрылымдылық бөлімшелерінің тиісті бөлімдеріне жүктеледі.

 

       17-тармақ. Жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстың қаулыларының жобалары, сонымен қатар, жалпы отырыстың қорытындылары қазақ және орыс тілінде дайындалып, қағаз және электронды тасымалдаушылар арқылы отырысқа дейін жалпы отырыстың хатшысына жеті күнтізбелік күнге дейін  берілуі  қажет.

 

2-тарау.

Жалпы отырысты жүргізу тәртібі

 

       18-тармақ. Алматы облыстық соты төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыста сот алқаларының сандық және дербес құрамы  ашық дауыс арқылы белгіленеді.

       Облыстық соттың бір сот алқасынан басқа сот алқасына ауысуы, сонымен қатар жаңадан сайланған судьяны сот алқасының құрамына анықтауды облыстық соттың төрағасының ұсынысы негізінде, жалпы отырыстың қаулысымен белгілейді.

 

       19-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын, сонымен қатар, уәкілетті органның құрылымдылық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды.

 

       20-тармақ. Жалпы отырыс сот тәжірибесін  және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерi бойынша талқылайды.

 

       21-тармақ. Жалпы отырыс уәкілетті органның құрылымдылық бөлімшесі басшысының қызметі лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi, сонымен қатар, уәкілетті органның құрылымдылық бөлімшесі басшысының қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi.

 

       22-тармақ. Жалпы отырыс судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi.

       Жалпы отырыстың қорытындысы облыстық сотпен Жоғары Сот Кеңесіне жолданады.

      

       23-тармақ. Жалпы отырыста  жаңадан тағайындалған төрағалар, алқа төрағалары және облыстық соттың  судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары ант қабылдайды.

 

       24-тармақ. Жалпы отырыс облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының, аудандық соттың төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады.

       Аталған бос лауазымға кандидатуралар  облыстық сот төрағасының ұсынысымен беріледі. Ұсынылған кандидатуралар  бойынша талқылау және дауыс беру әрбір кандидатура  бойынша жүргізіледі.

       Жалпы отырыста лауазымға ұсыну немесе ұсынудан бас тарту жөнінде қаулы қабылданып, сонымен қатар әрбір кандидатура  бойынша қорытынды бекітіледі.

 

       25-тармақ. Жалпы отырыс тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады.

 

       26-тармақ.  Облыстық соттың жалпы отырысы кадр және судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерімен жасырын дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.

Жасырын дауыс беру және оның нәтижесін анықтау үшін, жалпы отырыс  облыстық сот  судьяларынан көпшілік дауыспен кем дегенде  үш судьяны есеп комиссиясына сайлайды. Есеп комиссиясына дауыс беру үшін тізімге қосылған кандидатуралар  кірмейді. Есеп комиссиясы өзінің төрағасы мен хатшысын сайлайды. Жалпы отырыс есеп комиссиясын сайлағаны туралы қаулы қабылдайды.

 

       27-тармақ. Жасырын дауыс бюллетеньді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бюллетень салынған және мөр қойылған жәшік есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен ашылады. Жасырын дауыс нәтижесі бойынша есеп комиссиясы хаттаманы толтырады,оған есеп комиссиясының барлық мүшелерімен  қол қойылады.

       Есеп комиссиясының төрағасы дауыс беру нәтижесін жариялаған соң, жалпы отырыс ашық дауыспен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді.

 

3-тарау.

Кеңейтілген жалпы отырысты жүргізу тәртібі

 

         28-тармақ.  Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жергілікті соттан екі судьяны жібереді.

Дауыс беру тізіміне облыстық соттың төрағасының  ұсынысы негізінде аудандық  және оған теңестірілген соттардың судьялары және облыстық соттың судьялары кіреді.

         Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберілген тұлғалардың келісімі міндетті түрде қажет.

       Дауыс беру әрбір кандидатура бойынша жүзеге асырылады.

        Көпшілік дауыс жинаған кандидат  кеңейтілген жалпы отырыстың құрамына жіберілді деп  саналады.

      

       29-тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғары Сот Кеңесінің құрамына  кандидатураларды қарайды және тиісті ұсынымды Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына шығарады.

       Дауыс беру тізіміне аудандық және облыстық соттың судьяларының кандидатуралары  облыстық сот төрағасының ұсынысы негізінде қосылады, Жоғарғы  Сот  Кеңесіне аудандық және облыстық соттың судьяларының бірдей өкілеттілігін қамтамасыз етуімен, сонымен қатар, Жоғарғы Соттың.

       Аталған тұлғалардың  кандидаттыққа шығару жөнінде келісімі міндетті түрде қажет.

       Дауыс беру әрбір кандидатура  бойынша жүзеге асырылады.

       Кеңейтілген жалпы отырыстың құрамына көпшілік дауысты жинаған кандидат  ұсынылған болып саналады.  

       Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынылған кандидаттардың жалпы саны екі судьядан кем болмау қажет ( аудандық соттан бір судья  және облыстық соттан бір судья).

      

       30-тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің құрамына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсыным шығарады.

       Сот жюриінің құрамына ұсынылған тұлғалардың жоғары кәсіби қасиеттері, мінсіз беделі, бірбеткей, сот қоғамдастығында  беделі бар  және кемінде 10 жылдық судьялық өтілімі болуы керек.

       Сот жюриінің құрамына төрағалар және сот алқасының төрағалары, Сот этикасы комиссиясы, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы және Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы кадр резерві комиссиясына мүше судьялар  сайлана алмайды.

       Дауыс беру тізіміне аудандық және  облыстық соттардың  судьяларының  кандидатуралары  облыстық сот төрағасының ұсынысы негізінде, Сот жюриіне  аудандық, облыстық және  Жоғарғы соттың судьялары  өкілдерінің қажеттілігін  қамтамасыз ету жағдайында   қосылады. Аталған тұлғалардың  кандидаттыққа шығару жөнінде келісімі міндетті түрде қажет.

       Ұсынылған кандидаттар бойынша дауыс беру әрбір кандидат бойынша жүргізіледі.

       Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының  көпшілік дауысын  жинаған кандидат ұсынылған болып саналады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған кандидаттардың жалпы саны екі судьядан кем болмауы тиіс (аудандық соттан бір судья және облыстық соттан бір судья).

 

       31-тармақ.Кеңейтілген жалпы отырыс  Жоғарғы  Соттың жанындағы кадр резерві  комиссиясының құрамына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті  ұсыным  шығарады.

       Кандидаттардың дауыс беру тізіміне қызметтегі судьялар облыстық сот төрағасының ұсынысы негізінде  қосылады.

       Аталған тұлғалардың  кандидаттыққа шығару жөнінде келісімі міндетті түрде қажет.

       Ұсынылған кандидаттар бойынша дауыс беру әрбір кандидат бойынша жүргізіледі.

       Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілік дауысын жинаған кандидат ұсынылған болып саналады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған кандидаттардың жалпы саны екі судьядан кем болмауы тиіс, (аудандық соттан бір судья және облыстық соттан бір судья).

       32-тармақ. Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы құрамына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсыным  шығарады.

        Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы құрамына төрағалар және сот алқасының төрағалары, Жоғарғы Сот Кеңесі, Сот этикасы және Сот жюриіне мүше судьялар  сайлана алмайды.

        Жоғарғы  Соттың жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясы құрамына ұсынылған кандидаттардың  жоғарғы кәсіби қасиеттері, мінсіз беделі және судьялар ортасында  абыройы бар болуы керек.

       Кандидаттардың дауыс беру тізіміне облыстық сот судьялары облыстық сот төрағасының ұсынысы негізінде  қосылады.

       Аталған тұлғаларды кандидаттыққа шығару жөнінде келісімі міндетті түрде қажет.

       Ұсынылған кандидаттар бойынша дауыс беру әрбір кандидат бойынша жүргізіледі.

       Кеңейтілген жалпы отырыс құрамының көпшілік дауысын жинаған кандидат ұсынылған болып саналады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған кандидаттардың жалпы саны екі судьядан кем болмауы тиіс.

 

4-тарау.

Қорытынды  ережелер

 

       33-тармақ. Регламент  қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

 

       34-тармақ. Аталған  Регламентке өзгерістер мен қосымшаларды облыстық соттың жалпы отырысының қаулысымен енгізеді.