Жаңалықтар

Тіл-ұлттың жаны

28/03/2024
Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 
Іс-шараға Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының, Алматы облысының әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қатысты.
 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу тәртібі және сотқа жолдау мерзімдерін сақтау

26/03/2024

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу тәртібін және сотқа жолдау мерзімдерін сақтауды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Алматы облысы полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің, сондай-ақ Қарасай және Жамбыл аудандары полиция басқармасының өкілдері қатысты.

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18/03/2024
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес 18 наурыз Ұлттық киім күні болып жарияланды.
 
Қазақтың ұлттық киімі- халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі және ұлттың ұлылығын дәріптеп, ұлттық кодты білдіретін жарқын көрсеткіш.
 
Осыған байланысты Алматы облысы соттары мерекені жаңа форматта атап өтіп, қатаң дресс-кодты заманауи үлгідегі ұлттық костюмдерге ауыстырды.
 

Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 11 – 15 наурыз аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат.

15/03/2024
Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 11 – 15 наурыз аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат.
-Қылмыстық істер
2024 жылғы 11 – 15 наурыз аралығында Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қарауына 10 іс келіп түсті, 10 іс тағайындалды, 9 іс қаралды, 1 іс кейінге қалдырылды, 2 іс өзгертілді, 1 істің күші жойылды .
Апелляциялық қарау қорытындысы бойынша 6 іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
-Қылмыстық материалдар бойынша

Алматы облыстық сотында жаңа судьялар таныстырылды

06/03/2024
«Алматы облыстық сотында жаңа судьялар таныстырылды»
Алматы облыстық сотында жалпы отырыс өткізілді.
Жиынға Сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.
Облыстық сот төрағасының м.а. Қ.Досымбет, жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 486 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.
Жарлыққа сәйкес:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау»

05/03/2024
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында онлайн форматта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау» атты тақырыпты талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
 

Хабарландыру!

05/03/2024
Хабарландыру!
 
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ашық есік күнін» өткізетінін хабарлайды.
 
Осыған орай, ауыр және аса ауыр қылмыстық істер бойынша туындаған сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
 
Өткізу күні: 2024 жылы 15 наурызда
 
Сағат 09:00 ден 18:00 аралығында
 

Как сообщает Карасайский районный суд:

29/02/2024
29 февраля 2024 года Карасайским районным судом рассмотрено гражданское дело по иску С. к 46 ответчикам о признании недействительными договоров купли-продажи земельных участков, признании права собственности и выселении.
 
Согласно иску, в период с 03.02.2020 года по 27.05.2020 года 22 земельных участка проданы З., действовавшего от имени истца С., на основании поддельной доверенности.
 

Хабарландыру!

27/02/2024

Алматы облысы бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы 2024 жылғы 04 наурызда сағат 15-00 болатын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

27/02/2024

Барлығы: 202 бос орын.

облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 3;
облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 28;
аудандық және оған теңестiрiлген  соттар судьяларының бос орындары – 171.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

Беттер