Адам өмірін қиғандар темір торға тоғытылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. и К. деген азаматтарды Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны А-ның өліміне кінәлі деп тапты.

Іс материалдары бойынша, ішімдік пайдаланып алған М. және К. аталған ауданда сырттай танитын А-ны кездестіріп, соққыға жығып, онымен қоймай, М. пышақпен жәбірленушінің денесіне көптеген пышақ соққыларын келтірген. Оқиға орын алған жерге жеткен Еңбекшіқазақ АІІБ-нің қызметкеріне де пышақ сермеп, қарсылық көрсеткен.   М. мен К-нің әрекеті нәтижесінде алған жарақаттардан А. ауруханаға жетпей қайтыс болған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М-ны 17 жыл, К-ны 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сотталғандармен сот үкіміне шағымдар келтіріліп, Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатылы сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандардың шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. 

Үкім заңды күшіне енді.