Ақсу аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақсу аудандық сотында «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің төрайымы Б.Н.Құрманғалиева және «Жаңа леп. Жастар» ҚБ өкілі А.Д.Ахметтің қатысуымен  дөңгелек үстел  өткізілді.

Отырыс барысында Ақсу аудандық сотының судьясы Н.Д.Омарбековтың төрағалығымен тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, әйелдерге қатысты кемсіту бойынша сұрақтарды жою және гендерлік теңдікке жәрдемдесу сұрақтары талқыланды.

«Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің төрайымы Б.Н.Құрманғалиева кездесу барысында  қоғамдық ұйымның негізгі міндеттері, қоғамдық ұйым қызметінің негізгі түрі аудан әйелдеріне заңды және басқа қоғамдық маңызы бар сұрақтары бойынша консультация беру екендігін айтты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі қатысушыларға сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы, «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің қағидасы туралы айтып өтті.

Шара соңында, судья Н.Д.Омарбеков мемлекеттік емес ұйым қызметі азаматтардың жан-жақты бағытта туындайтын мәселелерін шешуге оң ықпал ететіндігін атап өтіп,   қатысушыларға алғысын білдірді.