Алакөл аудандық сотының төрағасы жергілікті тұрғындармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алакөл аудандық сотының  төрағасы  Ш.Талданбаев  Үшарал қалалық әкімінің орынбасары Н.Бейсенбаев, Алакөл аудандық Әділет басқармасының маманы Ж.Бейсбекованың қатысуымен Үшарал  қалалық  әкімшілігінде азаматтарды қабылдады.

Ашық есік күні тұрғындарға заңдық көмек көрсету, заңдық мәдениетін көтеру, сот төрелігі қол жетімді болуы  және де азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру  мақсатында өткізілді.

Алакөл аудандық сотының төрағасы азаматтардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың көбісі азаматтық-құқықтық реттеулер, жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу және заңдық фактісін белгілеу туралы болды.