Алматы облыстық сотының судьялары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру аясында өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының судьялары Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру аясында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Гүлнар Валимова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіріп, осы бағдарламалық құжаттың мазмұндылығы мен ауқымдылығын атап өтті. «Мемлекет саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді және әлемнің дамыған 30 елінің  қатарына кіру мақсатында, рухани байлықты көбейту қажет. Мемлекет басшысы біздің ата-бабаларымыз құрған және қорғаған тарихи мұраны, тұтастықты, бірегейлікті, мемлекетіміздің мызғымастығын сақтауға баулыды. Бүгін, әрқайсымыздан оны одан әрі дамыту үшін үлкен үлес қосуды талап етеді».

Облыстық соттың судьясы Гүлнар Мушанова өз сөзінде БАҚ өкілдерін дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу мен партисипативті рәсім сияқты татуласу рәсімдерін қолдануда азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытуға шақырып, медиацияны қолданумен қаралған азаматтық істер бойынша нақты мысалдар келтірді.  

Сондай-ақ, судьялар Раушан Дакубаева және Фархат Абдуллин Азаматтық және Қылмыстық процестік кодексінің жаңашылықтар, Ұлт жоспарын іске асыру аясында қабылданған заңдар, Конституциялық реформа және судьялыққа кандидаттарға қойылған жаңа талаптар туралы баяндамаларымен шықты.

Соңында қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.