Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гендерлік теңдікті талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың, прокуратура және  ішкі істер органдарының өкілдерінің қатысуымен «Гендерлік теңдік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Өз баяндамасында сот төрағасы Б.Байжүнісов еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап гендерлік принциптерін сақтауға тиісті шараларды қолға алғанын және жылдан жылға ахуал жақсарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалған әйелдер мен еркектердің бостандығы және тең құқықтығы гендерлік теңдіктің негізгі принципі екендігін айтып, республикамызда қабылданған әйелдердің жағдайын жақсарту ұлттық жоспары, БҰҰ конвенцияның әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы және басқа да негіз қалаушы құжаттар бойынша қысқаша шолып шықты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлімшелер және қоғамдық ұйымдар мен дағдарыс орталықтары құрылғанын айтты.