Алматы облысының судьялары футбол жарысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 11-12 мамыр аралығында Алматы облысы судьяларының қатысуымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында Ректор кубогы үшін футболдан жарыс өткізді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап өткен болатын.

Жарысқа 12 команда: ІІБ, ҰҚК, ХҚО және оқу орындары қатысты.

Жарыс соңында спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі, спортпен айналысқан адамның шыдамды болатындығы, спорттың қай түрімен болсын айналысу адам денсаулығына оң әсерін тигізетіндігі ескеріліп, алдағы уақытта осындай шаралар өткізіп тұру қажет деп шешілді.