Алматы облысының судьялары мен сот қызметкерлері Қараеспе шатқалына барып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері сан ғасырлық тарихы бар,  бірегей петроглифтермен жазылған ежелгі жартастардың жойылу қаупінде тұрған Алматы облысы Кербұлақ ауданы Малайсары ауылы маңындағы Караеспе шатқалында болып қайтты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын шатқалда көптеген жартас бетінде бейнеленген бүркіт, марал және басқа да суреттері болған, алайда, соңғы 30 жылда тас тақталарын өндіріп алғандықтан, жартас суреттері қирап қалған. Петроглифтер мемлекеттің қорғауына алынбағандықтан, оны бұзуды тыйым салуға  және тарихи құндылықтарды сақтап қалуға мүмкіндік жоқ.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, туған жерге, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне ерекше ілтипатпен қарау, бұл – патриотизмнің аса маңызды белгісі. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз біз үшін миллиондаған шаршы километр берекелі жерді сақтай отырып, нақты орындар мен аудандарды қорғаған. Олар келешегімізді сақтап қалған.

Осы жартас суреттер біздің келесі ұрпағымызға жету үшін, оларды мәдениет және тарих ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қосу туралы шаралар қабылдауымыз қажет, себебі петроглифтер тарихи, ғылыми, сәулеттік құндылықтарды білдіреді және біздің мемлекетіміздің тарихы және мәдениеті үшін ерекше маңызы бар.