Анасын ұрып өлтірген қанышер 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратал аудандық  сотының өндірісінде  Алматы облысы, Қаратал аудандық  прокуратурасынан  келіп түскен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің  103 бабы 3 бөлімімен айыпталған В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс-материалдарына сүйенсек,  азамат өзінің үйінде анасымен жанжалдасып, оған қол көтеріп, денсаулығына орташа ауырлықта жарақат келітіреді.

Денесінің ауыр жарақаттарымен  аудандық аурухананың ота бөліміне жеткізілген анасы, аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болады. 

Қаратал аудандық  соты В-ны  Қазақстан Республикасының ҚК-нің   ҚР ҚК 103 бабы 3 бөлімімен айыпты деп тауып  7 /жеті/ жылға бас бостандығынан  айырып, жазасын жалпы режимді түзеу коллониясында өтеу туралы үкім шығарды. Үкім  заңды күшіне енді.

Қаратал аудандық сотының баспасөз қызметі

Тегтер: