Баланы асырау үшін алимент төлеуден бас тарту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кербұлақ аудандық сотына  құқық бұзушы М.К.қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 669 бабы (сот актілерін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша  әкімшілік іс қарады.

Сот талқылау барысында, құқық бұзушы М. ұзақ уақыт бойы кәмелетке толмаған баланы бағу үшін алимент төлеуден  бас тартқаны анықталды.

Кербұлақ аудандық сотының сот бұйрығымен құқықбұзушы М.К. бір баланы асырау үшін  алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Яғни, ол сот актісін қасақана орындаудан жалтарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқықбұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.