Балқаш аудандық соты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш аудандық сот төрағасы Бақанас ауылындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  Балқаш ауданының ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «Медиация және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы Ж.Байғожаев өз баяндамасында «Медиация – жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеудің ең тиімді баламасы. Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандыруға қол жеткізеді. Осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді.

Сонымен қатар, алғаш рет адвокаттарға бітімгершілік рәсім жасау құқығы берілді. Тараптарға сот медиациясы арқылы дауларды реттеудің оңтайлы жолы ұсынылып, бітімгершілік келісім институты сақталғанын, жаңашылдық ретінде партисипативтік рәсім жасау құқығы болып табылады, яғни адвокаттар дауласушы тараптардың мәселесін бітімгершілік келісім арқылы шешуге тартатын болады. Келісімнің шарты ністіқараған судья (сот құрамы) бекітеді.

Шара соңында сот төрағасы селолық округ әкімдеріне әлі ашылмаған округтерде «Медиация кабинетін» тез арада ашу бағытында жұмыстар жүргізуді тапсырды.