Бұзақылығы үшін – айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының Кербұлақ аудандық соты осы аудандағы Шанханай ауылының екі тұрғынының арасында шыққан жанжалға қатысты әкімшілік істі қарады.

Істің мән-жайы бойынша, Шанханай ауылының тұрғыны көше бойында ауылдас әйелді балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, қорлаған. Айналасындағылардың тыныштығын бұзған.  Өз кезегінде, ауылдасы полиция бөліміне жүгініп, өзін балағаттаған азаматқа қатысты жазалау шараларын қолдануды сұраған.

Сот қаулысымен өзін дөрекі ұстап, ұсақ бұзақылық түрін жасаған азамат А.. ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5556 теңге айыппұл салынды.