Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Текелі қалалық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. 

Талапкер «Текелі энергокомплексі» ЖШС-нің жауапкер Б.-дан коммуналдық қарызы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша тараптар дауды өз құқықтарын пайдалана отырып, судьяның қатысуы арқылы медиация тәртібінде дауды реттеуге ниет білдірген.  Келісімнің шарттары бойынша талапкер өзінің талап-арыз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға коммуналдық қарызын  15 қазан 2016 жылға дейін төлеуге  міндеттенеді.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.