Дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот қызметінің халық үшін ашық, әрі қолжетімді болуы абзал. Ол үшін бұқаралық арпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату аса маңызды. Осы мақсатта Алматы облысы Талдықорған қалалық сотында «Сот қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Талдықорған қалалық сотының судьялары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Журналисттердің сот жүйесінің ашықтығы, судьялардың мәртебесі, дауларды мәні бойынша шешудегі қиындықтар, сот жүйесіне халық сенімінің  деңгейі қандай деген сауалдар сарапқа салынды.

Дөңгелек үстелді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Қ.Қ. Сырлыбаев ашты. Сот төрағасы өз баяндамасында сот жүйесінде жүргізіліп жатқан  жаңа реформалар, сот төрелігінің қолжетімділігі мен халықтың оған деген сенімін арттыру мәселелері жайында айтып өтті.

Аталған шараға қатысушылар сот қызметінің беделін арттыруға байланысты ұсыныстарын ортаға салып, өз тілектерін білдірді.

Қорыта келе Талдықорған қалалық сотының төрағасы Қ.Қ. Сырлыбаев барлық қатысушыларды бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жандандыруға шақырды.