Экономиқалық сотында семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы мамандандырылған экономикалық сотында «Жер даулары» тақырыбына семинар сабақ өтті.

Семинарға  Алматы облысы прокуратурасының прокуроры, жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Семинарда судья Б.А. Кожахметов баяндама жасап, жер дауы - жер құқық қатынастарының екі және одан да көп субъектінің белгілі бір құқықтар мен заңды мүдделерге ие болуға, белгілі бір жер  құқықтары мен заңды мұдделерін қамтамасыз ету және іске асыру болып табылады. Жер учаскесі немесе жерге деген заттық құқықтар жер дауының объектісі болып табылатын айтып кетті.

«Жер даулары өзекті істер санатына жатады, оларды қарау кезінде  жер заңнамасы нормаларын нақты қолдануын көздейді және  соттан, прокуратура, атқарушы билік  органдарынан жер заңнамасы нормаларын мүлтіксіз сақтау, ұсынылған құжаттарды мұқият, барлық материалдарды зер салып, ықыласпен қарау арқылы қатаң сақталуын талап етеді»,- деп атап өтті Б.А. Кожахметов өз сөзінде.

Сонымен қатар, Б.А. Кожахметов соттар және  барлық уәкілетті органдар жер заңнамасын өз жұмысында қолдану мәселелері бойынша заңдарды дұрыс пайдаланып, сотқа дейінгі реттеу мәселелерін сақтау керек екендігін айтты.