Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында кезекті ашық есік күні өткізілді. Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Б.Чутанбаев қабылдады.

Шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімі деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Шара барысында төрағаның қабылдауына Шелек аулының тұрғыны азаматша А.Илиади, Ашыбұлақ ауылының тұрғыны Н.Қаирбекова және Қаратұрық ауылының тұрғыны М.Сематов келіп, заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы, сот шешімінде жіберілген қате жазулар бойынша және жеке айыптау  бойынша шағым туралы сұрақтар қойылды.