Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі 22 қаңтарда басталады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Парламент Сенатының бұрынғы аппарат басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот талқылауының өтетін күнін белгіледі. Сот отырысы 2014 жылғы 22 қаңтарда сағат10.00-ге тағайындалды.

Сот процесі Қаскелен қаласындағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында ашық түрде өтеді.

Сот отырысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдайлар жасалып, процесске қатысушылар үшін қосымша орындар дайындалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сот талқылауын тікелей трансляция арқылы бақылау үшін баспасөз-залы жабдықталады.

10 қаңтарда алдын ала тыңдау барысында жәбірленушінің өкілі Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы – Рысбек Сәрсенбаев судья Берікжан Байжүнісов оның туысы болып табылатындығын алға тартып, оған қарсылық білдірді. Алайда, сот бұл өтінішті қарап, төрағалық етуші судья мен жәбірленушінің өкілі арасында жақын туыстық қарым-қатынас жоқ болғандықтан, оны қанағаттандырусыз қалдырды.

Алдын ала тыңдаудың барысында туындаған басқа да мәселелер мен мәлімделген өтініштер басты сот талқылауының кезінде шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен Алматы облыстық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы Алтынбек Сәрсембаевтың өліміне байланысты үкімнің, Е.Утембаевқа қатысты, ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігі «з» тармағымен айыптау бөлігі бұзылып, жаңа сот қарауына жолданған болатын. 

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі