Қарасай аудандық сотының тергеу судьясы жас тергеушілерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарасай аудандық сотының тергеу судьясы Ахметкәрім Алдиев аудандық ІІБ-ның еңбек өтілін енді ғана бастап жатқан тергеушілермен дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға аудандық прокуратура өкілдері қатысты.

 «Сіздерге белгілі Елбасымыздың «100 нақты қадам ұлт жоспарындағы» заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы реформасын жүзеге асырудың бір бағыты – тергеу судьясының өкілеттігін кеңейту болып табылады. Сіздер жұмыс жолдарыңызды жаңадан бастап отырған құқық қорғау органдарының қызметкерісіздер. ҚР ҚПК нормаларын сақтай білулеріңіз керек. Сотқа жолданатын іс-материалдарының толтырылу үлгісіне және сапасына көңіл бөлу қажет, ал өз кезегінде прокуратура органдары құжаттардың, іс-материалдарының 12 сағат ішінде құзырлы органдарға жолдану мерзімдері мен заңдылықтарын  қадағалап отыруы керек», - деп өз сөзінде тергеу судьясы А. Алдиев атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында күзетіп ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары, экстрадициялық қамақты санкциялау, олардың мерзімдері, лауазымнан уақытша шеттету, мүлікке тыйым салуды санкциялау, кепілді қолдану, сот медициналық сараптамалары, мәйітті эксгумациялау, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелері кеңінен қозғалды.

Шара соңында тергеу судьясы жас тергеушілердің жұмысына сәттілік және өз саласының білікті маманы болуды тіледі.