Қаскелеңде Өтембаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 22 қаңтарда сағ.10.00-де Алматы облысы Қаскелең ауданының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетовтің төрағалығымен Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.

Тыңдау барысында жәбірленушінің өкілдері басты сот талқылауы басталар алдында олардың адвокаты ауысқандығын, оның іс материалымен танысу үшін уақыт қажеттігін алға тартып, сот процесін кейінге қалдыру туралы өтініш білдірді.

Сот аталған өтініш қанағаттандыруға жатады деп қаулы шығарып, 2014 жылғы 27 қаңтарға сағ.10.00-ге дейін үзіліс жариялады.

Бұрын хабарланғандай, 2013 жылғы 19 желтоқсанда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі  қадағалаушы сот алқасы Е.А. Өтембаевты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігінің «з» тармағы бойынша соттау бөлігінде Алтынбек Сәрсенбавты өлтіру туралы іс бойынша Алматы облыстық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы үкімінің күшін жаңадан ашылған мән жайлар бойынша жойып және істі осы бөлігі бойынша жаңадан сот қарауына жіберді.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі