Қолхатпен жасалған шарттың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қапшағай қалалық соты ерлі-зайыптылардың қолхат негізінде пәтерді сатып-алу сату келісім шартын жарамды деп тану және сот шығындарын өндіру туралы талап арызын қарап,  келісім шартты жарамды деп тапты

Сотпен анықталған деректерге сүйенсек, Талапкер тарап 2003 жылы Қапшағай қаласының тұрғынынан 1600 АҚШ долларына пәтер сатып алған. Пәтердің иесі басқа қалаға мекенін ауыстыруына байланысты, сатып алу-сату келісім шарты уақытылы ресімделмей, 2003 жылғы пәтерді сатқаны үшін 1600 АҚШ долларын алғандығын көрсеткен қолхат негізінде қалып қойған. Пәтер құжаттарының тұпнұсқасын ерлі-зайыптыларға қалдырып, қайтып келуді уәде еткен үй иесі із-түзсіз кетіп, сатып-алу сату келісім шарты нотариалды рәсімделмей қалады.

Бірнеше жыл уақыт аралатып, қайта оралған пәтер иесі келісім шартты ресімдеу үшін, ерлі зайыптылардан 10000 АҚШ доллары мөлшерінде қосымша үстеме талап етеді. Алйда, 2003 жылы  тұрғын үй қүны 500 ден 1500 АҚШ долларын құрағанын алға тарқан таларкер, үй иесінің қойған шартымен келіспейтіндерін білдірді.

Қапшағай қалалық сотының шешімімен қолхат негізінде жасалған сатып-алу сату келісім шартын жарамды деп тану және сот шығындарын өндіру туралы ерлі-зайыптылардың талап арызы қанағаттандырылды.

Пәтер иесінің соңгы 10 жылан астам уақыт аралығында мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын тартпағаны, мүлік үшін салық төлемегені және өзге де мән-жайлар зерделеніп,  пәтер иесінің ерлі-зайыптыларды жанұясымен пәтерден шығару туралы қарсы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 151 бабының 2,4 бөліктеріне сәйкес, тараптардың келiсiмiмен (ауызша) мәмiле – адамның    мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады және үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.