ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров Алматы облысына келген сапарында судьялыққа үміткерлермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кеше Алматы облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаровпен жергілікті соттарда бос тұрған судья лауазымына үміткерлермен кездесу өтті. Бұл кездесу үміткерлердің біліктілігі мен би болуға лайық талаптарға сай деңгейлерін анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кездесуге біліктілік емтиханнан өтіп, Алматы облысы бойынша судья лауазымына кадр резервінде тұрған 15 үміткер шақырылды.

Бұл басқосуға сондай-ақ, Аматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Тәймерденов, Алматы облысының Судьяар Одағының Алматы облыстық филиалының  төрағасы Нұрдилла Сейітов, кадр резерві жөніндегі комиссияның төрағасы Арман Кульбеков қатысты.

Үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізген Бектас Әбдіханұлы, әр үміткердің жеке мәліметтерімен танысып, олардың моральдық бейнесі мен еңбек жолын, сондай-ақ, таңдаған лауазымға сай дайын болу деңгейі мен бұл мамандықтың маңыздылығын қаншалықты түйсінетіндігін саралады.

Бектас Бекназаров облыстық соттың судьяларымен кездесті және Алматы облыстық сотының ғимаратына жапсаржай құрылысын салу объектісін аралады.

 

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі