Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Байжүнүсов Талдықорған қаласының тұрғындары Т.Байсихов, А.Жаркен, М.Төлеуовтың  қатысуымен ашық есік күнін өткізді.

Б.Байжүнүсов сот жұмысы жайында,  алқабилер соты жайында,  сот жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы,  сондай-ақ қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып өтті.

Шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Осылайша Жаркен Айгерім оқуды жақында бітірген жас маман ретінде мемлекеттік қызмет жайында көбірек білгісі келетіндігін айтып, болашақта сот жүйесіне жұмысқа орналасу тәртібі жайында сұрақ қойды. Сот төрағасы осы сұраққа жауап беріп,  мемлекеттік қызмет жайында баяндап және оның жауаптылығы әрі беделділігі жөнінде де айтып өтті. Сонымен бірге сотқа жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі мен тәртібі жайында нақты мәлімет алу үшін соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінен білуге кеңес берді.