«Қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбына семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарқан аудандық сотында  аудандық прокуратураның прокуроры З.Әділбекова, жергілікті учаскелік полиция инспекторлары Б.Жақыпов, Е.Жасақбаев Д.Секемановтың  қатысуымен «Қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбына  семинар өткізілді.

Сарқан аудандық сотының судьясы Гүлназ Баубекова өзінің баяндамасында,   «Қылмыстық құқықбұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді»,- деп атап өтті. Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты  жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады, және  де қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет танылады деп түсіндіре кетті.

Судья Г.Баубекова осы Кодекстiң  Ерекше бөлігінде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды деп түсіндірді.

Семинардың соңында қатысушылар өз ара пікір алмасып осындай жиындардың маңыздылығын атап өтті.