Малшы бөтелкелесін өлтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қайғылы оқиға 12 желтоқсанда Сарқан ауданындағы мал қыстақтарының бірінде  орын алған. Ғұмырының ортасын еңсерген 64 жастағы ер адам туған күнін тойлау барысында осы қыстауда бірге жұмыс істеп жүрген малшыны өлтірген.

Жәбірленуші арақ ішіп алған мас күйінде туған күн иесінің азаматтық некедегі әйеліне сөзбен тиісіп, боқтап, балағаттаған. Әйеліне араша түскен туған күн иесі жанжал барысында бәкісімен жәбірленушінің жүрек тұсынан жарақат салған.

Үстел басында бірге болған куәлер дереу жәбірленушіні автокөлікпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенмен, алған жарақатының салдарынан аурухананың «Жедел жәрдем» бөліміне жеткен бойда жәбірленуші көз жұмған.

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 64 жастағы малшы ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза мөлшерін түзеу колониясының қатаң режимында өтеу белгіленді.

Тегтер: