Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотымен «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ жауапкер ЖК-ге мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, талапкер «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ және жауапкер ЖК –мен келісімшарт жасасқан болатын, шартқа сәйкес 2016 жылдың 31 мамырына дейін 106 дана мөлшерінде  «құтқарушыға арналған  жазғы және қысқы толық жиынды костюмдері» жеткізу туралы келісімге  қол қойылған.

Сот отырысында тауарды жеткізу бойынша жауапкер міндеттемелерді орындалмаған. Сонымен қатар, тігін цехынің жабылуына байланысты құтқарушыларға киім тігу және оны жеткізуге мүмкіндік болған  еместігі туралы жауапкер ескерткен. Осылайша, жауапкер келісім-шартты бұзған және тауарды белгіленген мерзімде жеткізу  міндеттемелерін орындалмаған, оған  бас тарту хаты дәлел.

Осыған байланысты сот талапкер «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» ММ жауапкер ЖК – ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы талап арызын қанағаттандырды.