Меншікке қарсы қылмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотымен С.Төлегеновке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат С.Төлегенов  досының үйінде қонақта бола тұра бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, үстел үстіндегі «Нокия» маркалы ұялы телефонды қөріп жасырын түрде ұрлаған. Жәбірленушіге  жалпы құны 3 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Кербұлақ ауданының  № 2 аудандық сотымен С.Төлегенов ҚР ҚК 187 бабының 1 бөлегімен айыпталып, ҚР ҚК 68 бабының 1 бөлігінің негізінде  жақтардың бітімгершілікке келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.