Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Текелі қалалық соты  талапкер З.-ның жауапкер М.-ға  қойған 329 000 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер өзінің талап-арызында 2014 жылдың 15 қазанында  жауапкерге ауызша түрде ақшаны қарызға беріп, ал талапкер қарыз ақшаны  2015 жылдың аяғына дейін қайтарғанын, бірақ осы күнге дейін қайтармағанын  баяндады.

Сот отырысында  жауапкер қарыз ақша алмағанын айтып, ал талапкердің куәгері  ақша беру фактісін растай алмады.

Сот жақтарды, куәлерді тыңдап, талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекістің 152- бабының 1- бөлігінің 2-ші тармағында мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға мәміле жазбаша түрде жасалуы тиісделінген,

Осы кодекстің 153-бабы 1- бөлігіне сәйкес  мәміленің жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырылады.  Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге  куәгерлік айғақтардан басқа  дәлелдемелермен растауға құқылы делінген.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.