Өтембаевтың ісі бойынша үкім 3 ақпанда жария етіледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі аяқталды.

31 қаңтарда сотта мемлекеттік айыптаушы, жәбірленушілердің өкілдері, сотталушының адвокаты сөз сөйледі және сотталушы Е.Өтембаевқа соңғы сөз берілді.

Төрағалық етуші судья Асқарбек Бейімбетов сот жарыссөзінің аяқталғанын және үкім 2014 жылы 3 ақпанда сағ. 11.00-де жария етілетінін хабарлады.

Сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі