Өтембаевтың ісін қарайтын судья ауысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық істі алдын ала тыңдау барысында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Берікжан Байжүнісовтен жәбірленушінің өкілі Рысбек Сәрсенбаев бас тарту туралы өтініш берді. Өйткені оның бірінші жұбайы Б. Байжүнісовке алыс туыс болып келетіндігі өтінішке негіз болған.

Бас тарту ҚІЖК-нің 90-бабында көзделген негіздемелер қатарында болмағандықтан қаралмады, өйткені алыс туыстық себеп судьяның тікелей немесе жанама мүдделі болуына сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, келешекте сот талқылауының әділ және объективтілігіне кез келген күдікті болдырмас үшін істі басқа судьяға беру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған соттың судьясы А.Бейімбетов қылмыстық істің материалдарын зерделеуде.

 Бұрын хабарланғандай, Өтембаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Қаскелең қаласында ашық сот отырысында өтеді. Бірінші отырыс 2014 жылғы 22 қаңтарға сағ. 10.00-ге тағайындалған.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі