Панфилов аудандық соты көктем мен жаңару мерекесін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Панфилов аудандық соты көктем мен жаңару мерекесін атап өтті.Мерекелік шараға сот төрағасы, судьялар және сот мамандары, қорғаушылар, сонай-ақ Панфилов ауданының сот жүйесінің ардагер-судьялары қатысты. 

      Салтанатты шараны сот төрағасы барлығын көктемгі  күн мен түннің теңелу мерекесімен құттықтау сөзімен  ашты. «Наурыз – әрбір шығыс халқының ең сүйікті мерекесі. Осы елдерде тек көктемде күнтізбелік жыл басының басталуы тарихи қалыптасқан. Шығыс елдерінде наурыз айы күн мен түннің теңелуін, көп күн сәулесі мен жылу алып келетін дәстүрлі күн болып саналған.

Осында ұлы даналық пен терең философиялық мағына жатыр. Сот қызметкерлерін, құрметті ардагерлер мен қонақтарды осы тамаша көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен  құттықтаймын! Барлықтарыңызға бақыт, денсаулық және амандық  тілеймін!»-деп атап өтті.

       Шара  қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген мерекелік концертпен жалғасты.