Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті  Алматы   облысының   тұрғындары!

Төменде жергілікті соттарда бос тұрған судья лауазымдары бойынша конкурсқа қатысу үшін біліктілік емтихандарынан өткен судьялық лауазымға үміткерлердің тізімін жариялап отырмыз.

Алматы облысы бойынша дайындалған тізімдегі үміткерлерден судьялық лауазымға лайықты азаматтарды іріктеп алу үшін үміткерлер жайында білдірілген әр пікір үлкен маңызға ие. Ендеше, пікірлеріңіз арқылы облыстың соттарына судьяны таңдауда өз үлестеріңізді қосыңыздар!

Сіздер үміткерлер жайында білдірген пікірлеріңізді  Алматы облыстық сотының bc-1@b.sud.kz  электрондық поштасына жолдай аласыздар.

Сонымен қатар, өз  ұсыныс – тілектеріңізді Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 53 үй мекен – жайында орналасқан Алматы облыстық сотына жолдауларыңызға немесе 8(7282)246198  телефонына хабарласуларыңызға болады.

  1. Аділбеков Нұржан Құдайбергенұлы, «Бизнес, құқық және жаңа технология» колледжінің оқытушысы  Талдықорған қаласы.
  2. Бекпаева Ғалия Ержанқызы, Алматы облысыстық қорғаушылар алқасының заң кеңесінде қорғаушы;
  3. Есімова Айман Оралханқызы, Алматы облыстық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
  4. Избаирова Диляра Серікқызы, Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы;
  5. Ілясова Ляззат Ілясқызы, Алматы қалалық соты кеңсесінің бас маманы;
  6. Имансерікова Гльжан Тәңырбергенқызы, Алматы облыстық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
  7. Қалимолдинова Самал Құрбантұрдынқызы, Алматы облысы Текелі қалалық сотының кеңсе меңгерушісі;
  8. Керімқұлов Сағымжан Серікұлы, «IT Commerce» ЖШС фирмасының атқарушы директоры;
  9. Қырғабақов Марлен Болатұлы, Алматы облысы бойынша қазыналық Департаментінің заң қызметі бөлімінің бастығы;
  10. Омаров Айдар Ерғалиұлы, Алматы облысы Талғар аудандық прокурорының аға көмпекшісі;
  11. Сексенбаев Тұрсынбай Байбекұлы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының №2 еңбекшіқазақ аудандық сотының бас маманы;
  12. Тайбасар Бағлан  Есентайұлы, «Табын 1» ЖШС-нің заңгері .

 

                                            Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

                                          Алматы облыстық соты жанындағы Қоғамдық Кеңес