«Салауатты өмір салты» тақырыбына дәріс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Текелі қалалық сотының судьясы Е.Дюсембаев Текелі қаласының № 8 орта мектебінің оқушыларына «Салауатты өмір немесе біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбына дәріс оқыды.

Шараға мектеп директорының орынбасарлары, сынып жетекшілері,  8-10 сынып оқушылары және «Текелі тынысы» газетінің өкілі Т.Мельник қатысты.

Судья Е.Дюсембаев  өз баяндамасында «Есірткі дегеніміз Қазақстан Республикаксының арнайы тізімімен бекітілген зат, оны заңсыз түрде қолдану мен тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады»,- деп атап өтті. Нашақорлық – ол аурудың бір түрі болып табылады. Оны бір рет пайдаланған адам осы бір жаман әдетті тастай алмай, оған тәуелді болып қалады. Есiрткi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау түрінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық заңнамасында көзделген жазалар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, балаларды спортпен, билеумен, сүйікті ісімен айналасуға шақыра отырып,  салауатты өмір сүруді және өз өмірлеріне есірткіге орын жоқ екенін атап өтті.

Шара қорытындысы бойынша судья қатысушыларды белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, еңбектеріне  табыс, ал  оқушыларға жазғы демалыстарын жақсы өткізуді тіледі.