Сот актілері орындалуы бойынша семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

     Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот төрағасы Н.Е.Қарабаевпен судья және сот қызметкерлері арасында сот актілері орындалуы бойынша семинар сабағы өткізілді.

      Жалпы сот актілерінің орындалысы туралы баяндама кеңсе меңгерушісі  2009-2016 ж.ж. мемлекет пайдасына айппұлды өндіру және айғақ заттарды тәркілеу жағынан, әкімшілік қамауға алу бөлігінде орындалмаған сот актілеріне тоқталды. 2016 жылы 45 сот актілері орындалмай тұрғанын баяндады. Орындалмай тұрған сот қаулылары құқықбұзушылардың тұрғылықты мекен-жайларына орындауға жолданған, алайда соттың тарапынан ескерту хаттары жолданғанға қарамастан күні бүгінде дейін орындалып сотқа қайтырылмаған.

     Шара қорытындысында, сот төрағасы орындалмаған сот актілері бойынша  Талдықорған прокуратура органдарына жіті бақылауға алып және жедел орындалуға ықпал ету үшін ұсыныс хаттарын жолдауды  тапсырды.