Сот актісін орындамағаннының салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 669-бабы (сот актілерін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Сот отырысында азамат Ж. Талдықорған қалалық сотының кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамағаны, осылайша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 669-бабы бойынша қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталған.

Сотта азамат Ж. қазіргі таңда уақытша жұмыссыз екенін, жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен сот бұйрығын орындай алмағанын айтты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.