Сот Өтембаевтың ісі бойынша қылмыстық іс материалдарын зерделеуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаскелеңде Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы жалғасуда. Бұрын хабарланғандай, сот ісі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетовтің төрағалығымен сот тергеуіне өтті.

28 қаңтарда сот Алтынбек  Сәрсенбаевты ұрлауға және өлтіруге қатысқан сотталған Виталий Мирошников пен Еділ Әбікеновтен жауап алды.

Осыдан кейін сот куәлар мен сарапшылардан жауап алуға және іс бойынша дәлелдемелерді зерделеуге  ауысты. Сот процесіне қатысушыларға тергеу әрекеттері кезінде жедел-тергеу топтарының түсірген бейнематериалдар мен заттай айғақтар  көрсетілді.

Сот процесі ашық режимде өтуде. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  сот процесін арнайы жабдықталған баспасөз орталығынан  бақылауда.

Келесі сот отырысы 2014 жылғы 29 қаңтарға сағ.10.00-ге тағайындалды. 

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі