Сот талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

                      Сот талап арызды қанағаттандырды

Текелі қалалық соты талапкер П.-ның жауапкер С.-ға қойған пәтерді сату сатып-алу шарттары мәмілесін жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер өзінің талап арызында келесідей мән-жайларды келтірген: Ол 2005 жылы жуапкерден Текелі қаласында орналасқан пәтері сенімхат бойынша 78 000 теңгеге сатып алған, бұл туралы жауапкер С. өз қолымен қолхат жазып берген және оған құқық белгілейтін құжаттарды өткізген. Олардың арасында нақты пәтерді сату-сатып алу мәмілесі жасалған, бірақ ауыр материалдық жағдайларына байланысты олар пәтерді талапкердің атына аудара алмаған, ал қазіргі уақытта жауапкер қаладан көшіп кеткен және оның мекен-жайы белгісіз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 154-бабына сәйкес, егер тараптардың бірі мәмілені мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле сот шешіміне сәйкес тіркеледі.

Сот іс материалдарын зерттей келе, талапкердің талап арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.