Сот төрағасы халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында халықпен кездесу өтті. 

Алматы облысының тұрғыны сот төрағасына сот қаулысының орындалу барысы туралы сұрақтармен жүгінді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының мамандандырылған сот алақасының қаулысымен Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы өзгертіліп, Республика шекарасынан әкімшілік жолмен шығару жазасы мемлекет пайдасына 15 АЕК айыппұл салу жазасымен ауыстырылған.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның жұбайы отанға оралуды қамтамасыз ету мақсатында заңгерлік көмек көрсетуді, шекарадан шығару деректерін миграциялық полиция қызметкерлерімен өзгертуді соттан сұрап отыр.

Сот төрағасы қойылған барлық сұрақтарға заң талабына сай жауаптар беріп, миграция полиция қызметкеріне сот қаулысы мен айыппұлдың төленгені туралы түбіртектік расталған көшірмесі берілді.

Шара соңында келуші сот төрағасына ұйымдастырған кездесуге алғысын білдірді.