Студенттердің қатысуымен ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігі және ашықтығын арттыру мақсатында Талдықорған қаласындағы орта арнаулы оқу орындарындағы заң факультетінде оқитын студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Аталған шара барысында кеңсе меңгерушісі С.Қалмақбаевамен студенттер үшін сот ғимаратында сот мәжілісінің залдарында таныстыру саяхаты жүргізілді. Сонымен бірге олар сот жүйесінің «Төрелік» ақпараттық жүйесімен таныстырылып, ақпараттық киоск, электрондық база мен құқықтық ақпараттық жүйесі және сот процестерін аудио- бейнемен қамтамасыз ететін жабдықтар туралы түсіндіріп шықты.

Таныстыру кезінде студенттер қылмыстық істерді қарау мерзімдері мен тәртібі туралы және құжаттардың электрондық айналымы сияқты өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Осы және басқа да сұрақтарға кеңсе меңгерушісі тарапынан жан-жақты жауап қайтарылды.

Ашық есік күні аяқталған кезде студенттер көптеген қызық әрі жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік берген шара өткізілгені үшін өз алғыстарын білдірді.