Тараптардың бітімге келуіне байланысты іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        Көксу аудандық соты ҚР ҚК-тің (Ұрлық) 188-бабы 1- бөлімі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпталушы Д. қатысты қылмыстық іс қарады.

        Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Д. 31.05.2016 жылы сағат 15.30 шамасында өзімен бұрын жұмыс істеген әріптестерімен амандасайын деп кафеге кіреді. Ешкім оның көрмегенін пайдалана отырып, столдың үстінде тұрған «Samsung Galaxi Duos» моделді ұялы телефонын ұрлап кеткен.

        Басты сот талқылауы кезінде жәбірленуші Д. келтірген залалды толығымен өтегенін мәлімдеп және медиация тәртібімен тараптардың бітімге келуіне байланысты сот істі тоқтатты.

        Сот қаулысымен Д. қылмыстық жауаптылықтан босатылды және тараптардың бітімге келуіне байланысты іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

        Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.