Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұйғыр аудандық сотымен ұрлық жасағаны үшін айыпталушы Б.Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот отырысы барасында жәбірленуші медиация тәртібімен келісімге келуге ұсыныс білдірді.

Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып,  іс ҚР ҚК-тің 68-бабы негізінде тараптардың бітімге келуіне байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.