Ұрлық жөніндегі іс қылмыстық медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш аудандық сотымен Баканас ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық істі  жәбірленушімен татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы бөтеннің мүлкін   жасырын жымқырып бас пайдасына жарату мақсатында, өзін ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып азамат Б.-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп 15 000 теңге тұратын «GT-C3322» маркалы ұялы телефонын жымқырып,  ҚР ҚК-тің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасаған.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіби емес медиатордың көмегімен татуласты.

Сот медиация тәртібімен татуласу туралы келісімді бекітіп, сот қаулысымен іс жүргізу қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.