Заң білмеушілік, жауапкершіліктен босатпайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының Қаратал аудандық сотымен орман қорына кірмейтін  және кесуге тыйым салынған ағашты кескені үшін, ауданның жергілікті тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, бір тал үйеңкі ағашын рұқсатсыз отынға кескенін, ағаш кесу үшін рұқсат алу керектігін білмегенін айтты.

Сот, оған әкімшілік жаза тағайындау кезінде, ол өз кінәсін мойындап өкінгенін, алғашқы рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырғанын ескеріп, ескерту жазасын тағайындап, одан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келтірілген залал мемлекет пайдасына өндірілді.

 

Қаулы заңды күшіне енді.