Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ж. Молдабековқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   608 бабы 6 бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.

Осылайша, жүргізуші  Ж.А.Молдабеков Қарабұлақ-Қоғалы автожолында автокөлігін куәліксіз, есірткілік масаң күйде басқару кезінде ұсталды.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындады.

 Сот қаулысымен Ж.Молдабеков әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзіміне қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.