Жарияланымдар

Қазақ

Нәзгүл Киекбаева Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы «Дауды партисипативтік келісім арқылы реттеу тиімді» // Заң № 103 (20.09.2016)

Ұлт жоспары – әлемдік дағдарысқа қарсы бағытталған сауатты бағдарлама. Әрі бұл құжат дүние жүзін алаңдатып отырған қиын кезден елімізді  шығынсыз алып шығудың бағыт-бағдарын нақты белгілеуімен құнды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарында елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге арнайы тарау белгілеп, саланы дамытуға айрықша көңіл бөлген. Құжатта көрсетілген тапсырмалар бүгінде рет-ретімен орындалып келеді. Азаматтық процесстік кодекс – осы стратегиялық жоспарды уақтылы әрі тиімді іске асыру мақсатында өмірге келген заңның бірі.

Гүлнар БЕКТҰРҒАНОВА Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы «Талап барда нәтиже жоғары» // Заң № 102 (16.09.2016)

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде  сот корпусына үміткерлерді қатаң тәртіппен іріктеу керектігін ұсынып: «Соттарға қатысты біліктілік талаптарын күшейту керек. Сот корпусына үміткердің сот жүйесіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем және нотариус, полиция немесе т.б. болып жұмыс жасаған болмауы керек. Кез келген жоғары лауазымды судья төменгі сатылардан өтуі, жаңадан бастап жатқан судьяларға бір жылдан кем емес мерзімге сынақ мерзімін белгілеу керек.

Нұржан Қарабаев Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы «Жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік істер» // «Заңгер» журналы, № 8 (тамыз, 2016)

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес аудандық соттар әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты істерді қарайды.

Нұржан Қарабаев Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау» // «Заңгер» журналы

Заңсыз іс-әрекеттерге әкімшілік шағым жасау- Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы, мемлекттік органдардағы әкімшілік құқық саласына қатысты азаматтар құқықтарын қорғаудың жай-күйі жоғары тұрған соттың және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

«Судьяның егізге алатын өлшемі — әділдік», 28.02.2014

– Қылмыстық қудалау органда­рының «Жедел іздестіру туралы» заң талаптарын сақтамай, күдік­тінің қалтасына есірткі салып, жалған куәларды қатыстырып, өз әрекеттерін заңдастырып қоя­тыны бар. Тәжірибеңізде мұндай жағ­дайлар кездесті ме? Жалпы, про­цессуалдық заңдылықты бұзған адам­ға қандай шара қолданы­лады?

«Сот хатшыларын конкурсқа байлаудың қажеті жоқ», «Заң газеті», 27.02.2014

– Сот са­ла­сындағы жас маман­дар­дың әлеу­меттік жағдайы туралы білсек деп едік. Еліміз­дің ең ірі мегаполисі Алматы қалалық сотында кеңсе мең­герушісі қызметін атқар­ған­дықтан, бұл мәселені сізден ар­тық ешкім тарқатып айта ал­майтын шығар.

«Тұрғын үйге қатысты дау көп», «Заң газеті», 20.02.2014

Бүгінгі таңда сот жүйесіне тұрғын үйге байланысты жүгінетін жан көп. Сот табалдырығын тоздырып жүрген азаматтар талап-арыздарының оң шешілгеніне риза болып,  жоғары сатыдағы соттарға сирек шағымданады. Мұның өзі бірінші сатыдағы соттардың жұмыс нәтижесінің тиянақты екенін көрсетсе керек. Әрі азаматтық істерді қараған соттардың мұқият, жауапты жұмыс істеуі шағымданушы тараптың да көңілінен шығуда.

"Құқықтық мәдениеттің маңызы зор", Munara.kz, 17.02.2014

Өткен жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті съезі өтіп, онда сот саласындағыларға тұғырлы тапсырмалар жүктеліп, құқықтық әрі зайырлы мемлекет құруды одан ары жалғастыру жолындағы тың бағыттар белгіленген еді. Съезде айтылған мақсатты міндеттерді Елбасымыз өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында одан ары айқындап, берді. Осыған орай алыстағы Алакөл аудандық сотының төрағасы Уәлихан Рахматуллаевты әңгімеге тартқан едік.

«Қалтаны қағуды ойлайтын қорғаушылар елдің соры», «Заң газеті», 05.02.2014

– Саят Собетайұлы, cот-құ­қық­тық кеңістігін жаңғырту еліміздің «Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындалған үдемелі дамуының ажырамас бөлігі десек, бұл тұрғыда судьялар міндет үдесінен шыға алып жүр ме?

Беттер