Автор жазбалары

Жаңа Жылмен құттықтау!

Сіздерді шын көңілден Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтап, бар жықсылық атаулыны тілеймін. Келер жыл сіздерге жаңа бақыт, қуаныш пен  мақсаттарыңызға жетуге серпін ала келсін. Бұл күнді өздіңіздің жақындарыңызбен атап өтіп, жаңа жылды  көтеріңкі көңіл-күймен көңілді қарсы алуларыңызға тілектеспіз.  

Құрметті журналистер, қадірлі БАҚ өкілдері!

Журналистер қауымын,  сондай-ақ барша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-дәулет, табыс тілеймін. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық.         Жиырма үш жыл бұрын, Біз Қазақстан туын жоғары көтеріп, Тәуелсіздікке келдік. Қысқа уақыт аралығында әлемде дамыған, әрі тұрақты, мемлекет пайда болды. Бүгінде Қазақстан Республикасы жақын және  шалғай-шет елдеріне танымалы. Біздің мол және қонақжайлы жерімізде бірлік пен татулықта 130-дан  астам ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығын әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні

Бүгін Қазақстан халқы Президентпен жасалған бейбітшілік пен келісім саясатының реформасын түгелдей қолдайды. Президенттің атымен мемлекеттің тұрақтылығы  мен  экономиканың жаңғыртылуы  экономикалық стратегияның  алға бастауы. Тұңғыш Президенттің  бастауымен Қазақстан бәсекелестік қабілетті капиталы бар парасатты ұлттық мемлекет болды. Барлықтарыңызға Атамекеніміз-Қазақстан Республикасының дамуына  бастайтын істеріңізге  табыс, ынтымақ, береке- бірлік тілеймін.

Наурыз мерекесіне құттықтау!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді шын жүректен көктем мен жаңару мерекесімен құттықтаймын.  Көктемнің көгілдір күнімен бірге сіздердің отбасыларыңызға  бақыт пен жылулық келсін. Наурыз мейрамы сізге және сіздердің жақындарыңызға шексіз қуаныш, шыдыман шаттық,  баянды бақыт әкелсін!
 

Қала күніне құттықтау!

Құрметті талдықорғандықтар! Біздің келбетті де әсем қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын осы бір ұлы мерекелерімен құттықтаймын. Біздің қаламыздың өміріндегі ең бағалы және ең бастысы – ол оның адамдары, сондықтан да оның тұрғындарына денсаулық, бақ-дәулет, алғырлық тілеймін. Біздің барлық отандастарымыз бен талдықорғандықтарды гүлденген еліміздің өркендеу жолындағы барлық жақсылықтарға табыс тіледі.

Конституция күніне құтықтау

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституция күнімен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын, таусылмас күш-қайрат, Қазақстан Республикасы жолындағы еңбектеріңізге  жеміс пен табыс тілеймін. Бейбіт заманда әл-ауқатты өмір сүрейік!  

Астана күніне құттықтау

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шын көңілден Астана күнімен құттықтаймын. Әсем қаламыз Астана шынында да әлемнің сегіз кереметінің бірі болып есептеледі.
Астана 16 жыл ішінде орталық Азияның ең көрікті қалаларының біріне айналды. Заманауи Астана Қазақстанның табыс символы және жарқын болашағының  белгісі іспеттес.

Алматы облыстық сотының ұжымы барлықтарыңызға денсаулық, табыс, бақыт, қазақстанның әр отбасына бақ-дәулет пен амандық тілейді. Баршамыздың ортақ үйіміз Қазақстан мен оның бас қаласы Астана өркендей берсін! 

Жас судьялардын ант қабылдауы

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов облыстық судьялар қауымына жаңадан тағайындаған судьяларды салтанатты түрде таныстырып, оларға абыройлы қызмет етулерін тіледі. Облыстық соттың төрағасы өзінің сөзінде «Халықтың соттарға деген сенімінің басты негізі – қабылданған сот актілерінің заңдылығы» екендігін атап өтті.