Алматы облыстық сотының жалпы отырысының регламенті

Версия для печатиВерсия для печати

Алматы облыстық сотының

жалпы отырысының

2012 жылғы «31» мамырдағы  
қаулысымен    бекітілген

 

 

Алматы облыстық сотының жалпы отырысының 

РЕГЛАМЕНТІ

(Алматы облыстық сотының жалпы отырысының 2015.30.12. қаулысымен берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1 тарау.

Жалпы мәселелер.

 

1 тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жалпы отырыс облыстық соттың органы болып табылады. Оның мәртебесi, өкiлеттiлiгi, отырыстарды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi, төрағасының, жалпы отырыс хатшысының уәкiлеттiлiгi, жалпы отырысқа сұрақтарды дайындау процедурасы Конституциялық заңмен, "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы",  "Сот жюриi туралы Ережемен" және осы Регламентпен анықталады.

 Алматы облыстық сотының жалпы отырысының 2015жылғы 30 желтоқсандағы  қаулысымен  2 тармақтың 8-1),9) және 12-1) тармақшаларына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

          2 тармақ.  облыстық соттың жалпы отырысының уәкілеттігі:

         1) облыстық сот төрағасының ұсынысымен тиісті сот алқасының сандық және дербес  құрамын белгiлейдi;

         2) облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының ақпараттарын тыңдайды;

         3) сот төрелігін жүзеге асыру бойынша сот тәжірибесін талқылайды және оның қорытындысы бойынша облыс соттарымен істерді қарау барысында заңдылықты сақтау сұрағын қарайды;

         4) Алматы облыстық сотының соттар әкімшісінің  басшысы лауазымына тұлғаны тағайындау туралы өкілетті органға келісім береді;

         5) Алматы  облыстық сотының соттар әкімшісінің  басшысымен атқарылған жұмысы бойынша есеп тыңдайды;

         6) облыстық соттың судья, аудандық соттың төраға лауазымының бос орнына үміткерлерді қарап, олардың нәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарады;

         7) Алматы  облыстық сотының соттар әкімшісінің   басшысын орнынан босату  туралы өкілетті органға ұсыныс енгізеді;

         8) судья лауазымына үміткерлердің тағылымдама өту нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот Кеңесіне тиісті қорытынды береді;

         8-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;» 

         9)  Алматы облыстық сотының жалпы отырысының 2015жылғы 30 желтоқсандағы  қаулысымен  алынып тасталған      

       10) облыстық соттың төрағасының ұсынысымен  екі жыл мерзімге жалпы отырыс хатшысын бекітеді;

         11)Жоғарғы Сот Кеңесіне және Сот жюриінің құрамына судьяларды тағайындауға ұсыныс келтіреді; 

12) аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған судьялары, облыстық соттың судьялары, төрағасы, алқа төрағаларының ант қабылдауын бекітеді;

12-1) облыстық соттың  жалпы төралқа отырысының   регламентін бекітеді және екі жыл мерзімге жалпы төралқа отырысының құрамына 1 судьяны енгізеді;

         13) заңмен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

         3 тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы төраға, алқа төрағалары және облыстық  сотының  судьялары  құрамында қызмет атқарады  және  облыстық сот судьяларының жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

4 тармақ.  облыстық соттың жалпы отырысы  қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет шақырылады. Кезектен тыс  жалпы отырыс облыстық соттың төрағасының  бастамашылығымен шақырылады.

 

5 тармақ. Жалпы отырыс облыстық соттың төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі.

Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етуші және жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

Жалпы отырыстың хаттамасы жалпы отырыс қызметін қамтамасыз ету жүктелген Алматы облысының соттар әкімшісінің  мемлекеттік қызметкерлерінен белгіленген техникалық хатшы жүргізеді. Хаттама үш күндік мерзімде дайындалады. 

6 тармақ. Жалпы отырыс хатшысының кворумның бар екендігі және жалпы отырыстың жұмысына шақырылған тұлғалардың қатысуы туралы баяндамасынан кейін отырысты ашу туралы мәселе шешіледі.

 

         7 тармақ. Күн тәртібі, оған толықтырулар енгізу және жұмыс тәртібі қатысушы облыстық соттың судьяларының ашық дауыс беруімен бекітіледі.

 

8 тармақ. Төрағалық етуші жалпы отырыс барысында:

         отырыстың жалпы өту барысына басшылық етеді, осы Регламент ережелерін сақтау барысын  бақылайды (қадағалайды);

- жалпы отырыс шешімімен белгіленген күн тәртібіне немесе осы Регламент талаптарына сәйкес және басқа тәртіпте кезектілік бойынша сөйлеу үшін сөз береді;

- процедуралық мәселелер (сұрақтар) бойынша кезектіліктен тыс сөз береді;

- әрбір ұсынысты келіп түсу тәртібінде дауысқа салады;

         - ашық дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастырып, дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

 осы Регламенттің ережелері бұзылған жағдайда жалпы отырыстың қатысушыларына  ескерту жасауға құқылы, ал қайталап бұзған жағдайда оларды сөз сөйлеу құқығынан айыруы мүмкін;

          - жалпы отырыс жұмысына шақырылған кедергі келтіруші тұлғаларды ескерту жасалғаннан кейін отырыс залынан шығартуға құқылы.

 

9 тармақ. Жалпы отырыстың қаулысы ашық дауыс берумен  облыстық соты судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған  болып табылады.

         Кадр және басқа мәселелерді қарау бойынша дауыс беру жасырын (құпия түрде) жүргізіледі.  

 

10 тармақ. Процедуралық мәселелер бойынша жалпы отырыстың шешiмдерi жалпы отырысқа қатысушы облыстық соттың  судьяларының ашық дауыс беруiмен көпшiлiк дауыспен қабылданады.

Процедуралық мәселелер: күн тәртiбiн бекiту, жүргiзу тәртiбi туралы, үзiлiс, отырысты кейiнге қалдыру туралы мәселелердi талқылау кезектiлiгi туралы, жарыссөздерiн тоқтату туралы, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту туралы, дауыс беру тәсiлдерi туралы, кворумды және дауыстарды қайта есептеудi растау туралы болып табылады.

11 тармақ. Дауысқа салу алдында төрағалық етуші дауысқа салынған ұсыныс санын көрсетеді, тұжырымдамаларын айқындайды, ұсынған ұсыныстарын қайсысы қайтып алатындығын анықтайды, жалпы отырыс мүшелерінен дауыс беру тәсілі бойынша пікірлерін анықтайды (ашық немесе жабық).

 

         12 тармақ.  Дауыс беру кезінде төрағалық етуші, алқа төрағалары, облыстық соттың судьясы бір дауыс бере алады және ұсынысқа келісім не болмаса қарсылық береді. Ешкім дауыс бермеуден бас тартуға құқылы емес. Дауыстардың бірдей болған жағдайда шешім қабылданбаған деп есептеледі.

 

         13 тармақ. Жасырын дауыс беру жағдайында және оның нәтижесін анықтауында жалпы отырыс дауыстар көпшілігімен есептік комиссиясын сайлайды, құрамында облыстық соттың кем дегенде үш судья болады. Есептік комиссия өздігінен өзінін төрағасы мен хатшысын сайлайды. Сайланушы органдар құрамына және бос лауазымға ұсынылған кандидаттар, есептік комиссия құрамына кіре алмайды. Есептік комиссия сайланғаны жөнінде жалпы отырыс хаттамалық шешім қабылдайды.

 

         14 тармақ. Дауыс беруге қажетті ақпаратымен бюллетендер, есептік комиссиясымен орнатылған форма және мөлшерінде әзірленеді.

 

         15 тармақ. Дауыс беру уақыты мен тәртібі, оны өткізу тәртібі есептік комиссиясымен анықталады және оның төрағасымен хабарланады.

 

         16 тармақ. Дауыс берушінің әр қайсысына мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған бір бюллетень беріледі. Кандидатуралар бойынша пікір, ұсыныстары кандидаттың жөні, талқылама ұсынысына «жақтаймын» не болмаса «қарсымын» графасында белгі қою арқылы көрсетіледі. Дауыс беруші өзінің қарауына бюллетень тілін таңдайды.

 

         17 тармақ. Дауыс берушінің ерік білдіруін анықтауға мүмкінсіз болған бюллетендер, жарамсыз деп есептеледі. Егерде бюллетенде дауыс берушінің еркі бір қатар кандидаттарға білдірілсе ал, басқа кандидаттарға қатысты еркін анықтауға мүмкін емес болса онда, дауыстарды санау кезінде кандидаттарға сәйкес «жақтаймын» не болмаса «қарсымын» белгі қойылғаны арқылы еркі есептеледі. Дауыс беру кезінде дауыс беру бюллетеніне қосымша жазылған тұлғалар, санау кезінде есептелмейді.

 

         18 тармақ. Дауыс беруге арналған жәшікті ашуы барлық сандық комиссия мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша сандық комиссия хаттама толтырады, оған барлық сандық комиссия мүшелері қолдарын қояды. Сандық комиссия төрағасының баяндамасына жалпы отырыс ашық дауыс беруімен сандық комиссияның хаттамасын бекітеді. Жалпы отырыс шешімі бойынша дауыс беру нәтижелері бюллетендермен салыстырылуы мүмкін.

 

         19 тармақ. Жалпы отырыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс облыстық сотының баспасөз-қызметімен ұйымдастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жалпы отырысында өздерінін қызметін Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына және осы регламентке сәйкес жүзеге асырады.

 

         20 тармақ. Жалпы отырыс жұмыс істеуіне жағдай жасау, отырыс залының техникалық жағынан қамтамасыз етуі облыстық соты Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі.

 

2 тарау. Алқа құрамын бекіту,

сайлау, үміткерлерді бекіту,

ақпаратты тыңдау, ант қабылдау

 

         21 тармақ. Облыстық сотының сот алқаларының санды және жеке құрамы облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.

         Облыстық сот алқа құрамынан басқа алқа құрамына ауысуы, сонымен қатар, жанадан тағайындалған судьяларды коллегия құрамына сайлануы жалпы отырыста облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша бекітіледі.

 

         22 тармақ. Тоқсан сайын жалпы отырыс өз қызметі бойынша облыстық сот төрағасының және алқа төрағаларының, облыстық соты Кеңсе басшысының ақпаратын тыңдайды.

 

         23 тармақ. Жалпы отырыс сот тәжірибесін талқылайды және оның қорыту нәтижесі бойынша облыс соттарымен сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылық талаптарын сақталуы сұрақтарын қарастырады. Сот тәжірибесін талқылау баяндама түрінде өткізіледі, облыстық сот судьясының баяндамасымен. Сот тәжірибесін талқылау нәтижесі бойынша жалпы отырыс облыстық сот судьяларының көпшілік дауысымен соттардың назарын сот тәжірибесінде қыйындық тудыратын сұрақтарға зер салады, оны шешу тәсілдерін ұсынады.

          24 тармақ.  Облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы жалпы отырыс хатшысы бекітіледі және облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларың Сот жюриінің құрамына ұсынылады.

          25 тармақ. Облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша сот алқа төрағалары және облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларына, судьяларына, тәртіптік өндіріс қозғау сұрағын қарастыру үшін, жалпы отырыс материалдарды Сот жюриіне табыстау сұрағын талқылайды, сонымен қатар, сот істерін қарау кезінде жүйелі түрде заңның бұзылуына жол берген не болмаса сот төрелігін жүзеге асыру кезінде төмен сапасы бар судьяларды.

 

26 тармақ.  Облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы отырыс Сот жюриіне судьяның отставкаға құқығын дәлелдейтін материалдарын табыстау сұрағын талқылайды.

Талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырыс ашық дауыс беруімен Сот жюриіне материалдарды табыстау не болмаса табыстаудан бас тартуға облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік даусымен шешім шығарады. 

27 тармақ. Облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос қызмет орынына кандидатуралар жалпы отырысымен қаралады және оның нәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарылады.

Аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос қызмет орынына кандидатуралар балама негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен ұсынылады.

         Облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос қызмет орынына  кандидатураларды талқылау қызметке үміткерлердің дербес деректерін жария етуінен басталады. Әрбір кандидат бойынша қорытынды облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік даусымен ашық не болмаса жабық түрінде қабылданады. Кандидатуралар бойынша  бос лауазымға ұсынуға не болмаса одан бас тартуға шешім қабылданады.

Облыстық сот судьяларының кадр резервіне тұруға үміткерлер, оған жалпы отырыс шешімі бойынша алынады.

Алқа төрағалары және аудандық сот төрағалары бойынша облыстық комиссиясының шешімі облыстық соттың жалпы отырыс қарауына енгізіліп, ол комиссия шешімімен келісімдік не болмаса келіспеушілік қаулы шығарады. Комиссия шешімімен жалпы отырыс келіскен жағдайда судьяның тегі облыстық соттың алқа төрағасы, аудандық сот төрағасы кадр резерві тізіміне енгізіледі.

 28 тармақ. Жалпы отырыс ашық дауыс берумен облыстық сот Кеңсе басшысының лауазымын тағайындауға өкілетті органға келісім береді.

 29 тармақ. Судья лауазымына үміткер кандидаттардың тағылымдама нәтижелері жалпы отырыспен қаралып Жоғарғы Сот Кеңесіне тиісті қорытынды ұсынылады. Осы сұрақ бойынша шешім облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

 

30 тармақ. Жалпы отырыс қаулылары мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді. Жалпы отырыс шешімін қадағалау жалпы отырыс хатшысына жүктеледі, ал жауапкершілік орындаушыға.

 

 

ІІІ – ТАРАУ

Қорытынды ережелер

   31 тармақ. Тәртіп оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

   32 тармақ. Тәртіпке өзгертулер мен толықтырулар жалпы отырыс отырыстарында қабылданады және қаулы ретінде әзірленеді.

    33 тармақ. Осы Тәртіптік ереженің түсіндіруі жалпы отырысымен жүргізіледі.