Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды
23/06/2016
Ұйғыр аудандық сотымен ұрлық жасағаны үшін айыпталушы Б.Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Басты сот отырысы барасында жәбірленуші медиация тәртібімен келісімге келуге ұсыныс білдірді.
Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс ҚР ҚК-тің 68-бабы негізінде тараптардың бітімге келуіне байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.